
Сарапшылар өзбек боксшысының ТОП қарсыластарға дайын емес екенін айтуда
Өзбекстандық журналист Джалол Ахмедов кәсіақой бокста аса ауыр салмақта өнер көрсететін өзбек Баходир Жалоловтың (15-0, 14 КО) соңғы жекпе-жегіне қатысты пікір білдірді.
5 сәуірде Астанада өткен бокс кешінде Жалолов украиналық Игорь Шевадзутскиймен (12-3, 10 КО) кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жетті. Жекпе-жектен кейін спорт сарапшылары өзбекстандықты қатаң сынап, болашағына күмәнмен қарайтынын жеткізген. Әлеуметтік желіде де Баходир Жалоловтың стилі іш пыстырарлық екенін жазып, оның ТОП қарсыластарға әлі дайын емес екені айтылуда. Ал, Джалол Ахмедовтің пікірі басқаша.
«Ол екінші раундта қолын ауыр жарақаттап алды. Сондықтан дұрыстап жұдырықтаса алмады», - деп жазды өзбек журналисі.
Еске салайық, Баходир Жалолов Олимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы, әлем және Азия чемпионаттарын бірнеше рет жеңген.