
Аталған жекпе-жекте қазақ боксшысы белбеуін қорғайды
«Қазақ жауынгері» лақап атымен танымал кәсіпқой боксшы Елшат Нығметолланың (21-0-1, 8 KO) келесі жекпе-жегінің уақыты мен қарсыласы белгілі болды.
Елшат 3 мамырда Бангкок қаласында рингке шығады. Оның қарсыласы — әлі жеңіліп көрмеген намибиялық боксшы Филлемон Нгутенанье (12-0-1, 4 KO).
Жекпе-жекте WBA Asia тұжырымы бойынша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Бұл титул қазіргі уақытта Елшаттың еншісінде.
Елшат Нығметолла WBA Asia чемпиондық титулын биыл 1 ақпанда дәл сол Бангкокте өткен бокс кешінде жеңіп алған болатын. Сол кезде индонезиялық Фласидус Нуноны (10-2-2, 8 KO) төртінші раундта техникалық нокаутпен жеңген.