Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-қа бару үшін қиындыққа тап болған

Бүгін, 09:54

Спортшы WBC нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы атағын және NABF Junior белбеуін жеңіп алған

Мейірім Нұрсұлтанов АҚШ-қа бару үшін қиындыққа тап болған
Видеодан кадр

Танымал қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов (20-0, 11 КО) «Бірінші Бол» YouTube арнасына берген сұхбатында АҚШ визасын ала алмай жүргенін мәлімдеді.

Спортшы кәсіби мансабында WBC (USNBC) нұсқасы бойынша АҚШ чемпионы атағын және NABF Junior белбеуін жеңіп алған. Бұған дейін ол WBC тұжырымы бойынша әлем чемпионы Карлос Адамеспен (24-1-1, 18 КО) жекпе-жек өткізуге міндетті қарсылас ретінде бекітілген еді.

— Америкада жүрген кезімде жылына бір рет жекпе-жек өткізетінмін. Кейін елге оралдым, — дейді Нұрсұлтанов.

— Қайтадан АҚШ-қа бару жоспарыңыз бар ма?
— Жоспар бар, бірақ визам жоқ.

— Виза әлі берілмеген бе?
— Екі рет құжат тапсырып көрдім, екеуінде де бас тартты. Қазір сол жақта көмектесіп жүрген бір адам бар. Тағы бір мәрте құжат тапсырып көрмекпін. Жоспарым — АҚШ-қа барып, жаттығу жүргізу. Шақырту қағазы болғанымен, АҚШ елшілігі нақты себебін түсіндірместен визадан бас тартып, төлқұжатымды қайтарып берді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам