Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды

Бүгін, 09:30

Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында өтеді

Шайбалы хоккейден әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімі жарияланды
Қазақстан хоккей федерациясы

Шайбалы хоккейден Қазақстан ұлттық құрамасы Швеция мен Данияда өтетін әлем чемпионатына қатысатын құрамын жариялады.

Бұл кеңейтілген тізім. Сондықтан жарамаған кейбір ойыншылар оқу-жаттығу жиынынан кейін үйлеріне қайтады. Жалпы тізімге 25 ойыншы енген.

Қақпашылар: Джелал-Ад-Дин Әмірбеков («Магнитка», Магнитогорск, Ресей), Сергей Кудрявцев («Арлан», Көкшетау), Максим Павленко («Рязань-ВДВ», Рязань, Ресей);

Қорғаушылар: Степан Александров («Торпедо», Өскемен), Әділ Бекетаев, Самат Данияр, Тамирлан Гайтамиров, Бейбарыс Оразов (барлығы - «Барыс», Астана), Дмитрий Бреус («Торпедо», Нижний Новгород, Ресей), Леонид Метальников («Адмирал», Владивосток, Ресей) Эдуард Михайлов («Арлан», Көкшетау), Валерий Орехов («Металлург», Магнитогорск, Ресей), Иван Степаненко («Хумо», Ташкент, Өзбекстан);

Шабуылшылар: Әлихан Әсетов, Дінмұхамед Қайыржан, Кирилл Ляпунов, Батырлан Мұратов, Максим Мұхаметов, Әлихан Өмірбеков, Руслан Оспанов, Кирилл Панюков, Кирилл Савицкий, Семен Симонов, Николай Шульга (барлығы - «Барыс», Астана), Александр Борисевич («Сарыарқа», Қарағанды), Владимир Волков, Александр Своеволин, Денис Чапоров («Арлан», Көкшетау), Вячеслав Колесников («Номад», Астана), Артем Лихотников («Хумо», Ташкент, Өзбекстан), Никита Михайлис («Металлург», Магнитогорск, Ресей), Евгений Рымарев («Юнисон», Мәскеу, Ресей), Ян Тютюньков («Торпедо», Өскемен), Аркадий Шестаков («Адмирал», Владивосток, Ресей).

Әлем чемпионаты 9-25 мамыр аралығында Швеция мен Данияда өтеді. Қазақстандық хоккейшілер В тобында сынға түседі. Қарсыластары – Норвегия, Дания, Германия, Венгрия, Чехия, Швейцария және АҚШ.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам