Өзбекстанның ең даңқты дзюдошысы Диёра Келдиёрова жуырда ана атанады

14.04.2025, 10:46

Ол соған қарамастан Лос-Анджелес Олимпиадасына дайындалатынын айтты

Өзбекстанның ең даңқты дзюдошысы Диёра Келдиёрова жуырда ана атанады
instagram.com/diyora_keldiyorova

Дзюдодан Париж Олимпиадасының чемпионы Диёра Келдиёрова өзінің алғашқы сәбиіне аяғы ауыр екенін мәлімдеп, қуанышты жаңалығын жанкүйерлерімен бөлісті.

«Біздің отбасы жақында толығады. 2028 жылы Лос-Анджелесте кездескенше», - деп жазды даңқты дзюдошы өзінің Instagram-парақшасында.

Айта кетейік, Диёраның күйеуі Азамат Матякубов та өзбек еліне танымсал дзюдошы.

Диёра Келдиёрова Париж Олимпиадасында 1/16 финалда атақты жапон қызы Ута Абены иппон әдісімен жеңіп, сенсация жасаған болатын. Ол финалға дейін сүрінбей жетіп, жарыстың алтын медалін мойнына тақты.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам