Екі ай бұрын тағайындалған спорт шенеунігі пара алды деген күдікпен қамауға алынды

Бүгін, 13:45

Антикор ресми мәлімдеме жасады

Екі ай бұрын тағайындалған спорт шенеунігі пара алды деген күдікпен қамауға алынды
Туризм және спорт министрлігі

Алматы облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының бұрынғы басшысы Айбол Құлбаев пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров хабарлады.

«Ол Олимпиадалық резервтің мамандандырылған республикалық мектеп-интернатының директоры бола отырып, жеке кәсіпкерден мемлекеттік сатып алу келісімшартын жасау үшін 8 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді. Биылғы 24 сәуірде сот санкциясымен күдікті қамауға алынды. Тергеу амалдары жалғасуда»,– деді Биғайдаров Антикордағы брифингте.

Наурыз айында әлеуметтік желілерде Құлбаевтың ұсталғаны туралы ақпарат тараған болатын. Алайда Антикор ол кезде бұл деректі жоққа шығарып, оның қорғау құқығы бар куәгер ретінде өтіп жатқанын мәлімдеген еді.

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам