Әлем чемпионатының жүлдесін иеленген қазақ самбошы өмірден озды

01.05.2025, 21:47

Қайратбек Кунсафин 2003 жылы Санкт-Петербургте әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған

Әлем чемпионатының жүлдесін иеленген қазақ самбошы өмірден озды
Әлеуметтік желі

Еліміздің самбо федерацияның вице-президенті Қайратбек Кунсафин өмірден озды. Бұл туралы федерацияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Бұл қаза біздің федерациямыз, жалпы қазақ спорты үшін орны толмас ауыр қайғы.

Қайратбек Мұратоллаұлы өз ісіне шын берілген, парасатты, жүрегі кең азамат еді. Оның жанашырлығы мен табанды еңбегі арқасында самбо спорты дамып, биік белестерге жетті. Біз аса қадірлі әріптесімізден, ұстазымыздан, досымыздан айырылып қалдық.

Оның жарқын бейнесі, адами қасиеті, қалдырған ізі мәңгі жадымызда. Марқұмның отбасы мен туған-туыстарына қайғыра көңіл айтамыз», - деп жазылған хабарламада.

Қайратбек Кунсафин кезінде самбодан Қазақстан ұлттық құрамасы сапында өнер көрсеткен. Ол 68 келіде белдесіп, 2003 жылы Санкт-Петербургте өткен әлем чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Бұл туралы не ойлайсыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулану 0

Материалда:

×
Жаңалықтар Футбол Хоккей Бокс MMA Теннис Баскетбол Ұлттық спорт Матч-болжам