Жарнама
Жарнама
Жарнама
Жарнама
222 000 тг

Лицензия №23019645 от 06.09.2023

200 000 тг

Лицензия №22020324 от 02.11.2022

2 500 000 тг

Лицензия №21031283 от 08.11.2021

Жарнама
Жарнама

Астана Гранд Слэм: қазақстандық дзюдошылар бірде-бір алтынсыз жарысты аяқтады

Бүгін, 09:39

Құраманың бапкері балуандарға көңілі толатынын айтып отыр

Қазақстан дзюдо федерациясы

Дзюдодан Астана қаласында өткен Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирі аяқталды. Байрақты бәсекеге әлемнің 44 елінен 350-ден (202 ер, 156 әйел) астам дзюдошы бағын сынады. Аталмыш додаға Қазақстаннан 41 (26 ер, 15 әйел) татами шебері күресіп, 9 дзюдошы медальға ие болды.  

Өкінішке қарай, өз жерімізде балуандарымыз бірде-бір алтын ала алмады. 3 дзюдошы финалға шығып күміс медаль алса, 6 дзюдошы қола медаль олжалады. 9 жүлдені де жігіттер командасы алды. Ал қыздардың бәрі жүлдеге жетпей сүрінді.

Турнирде жалпы командалық есепте IJF туының атынан қатысқан ресейлік балуандар 1-орын алды. Ресей дзюдошылары 3 алтын, 2 күміс медаль жеңіп алды. Оңтүстік Корея 3 алтынмен екінші орында болса, үздік үштікті Жапония құрамасы түйіндеді. Күншығыс елінің балуандары 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальға ие болды. Франция 2 алтын алса, Қытай, Швейцария, Германия және Италия құрамалары бір-бір алтыннан олжалады.

Қазақстан құрамасы 3 күміс, 6 алтынмен  жалпы командалық есепте 9-орынға тұрақтады.

Еске салайық, осыған дейін өткен екі Гран Слэм турнирінде Қазақстан құрамасы алтынсыз қалмаған еді. Алғаш рет өз жерімізде әнұран шырқалмады. 

Соған қарамастан, құраманың бапкері Қален Қалиұлы балуандардың нәтижесіне көңілі толатынын айтып отыр.

«Алтын жоқ болса да нәтиже жаман емес. Ерлер құрамасында 90 келіден басқа салмақтың бәрінде медаль болды. Алтын болмағанымен өсу процесі бар деп ойлаймыз. Жас балалар шығып жатыр. 

Қазір құрама үлкен жүктемемен жұмыс істеуде. Спортшыларға айтылып жатыр, біздің басты мақсат – Олимпиада. Сондықтан басқа жарыстардың бәрі дайындық есебінде болады деп. Сол үшін балуандар қобалжымай, үлкен жүктеме мен жауапкершілік алмай жеңіл еркін күрес көрсетті. 

Қыздар құрамасын айтсақ, олармен әлі көп жұмыс істеуіміз керек. Шетелдік мамандардың көмегіне жүгінеміз. Бізде жаңа тәжірибе енгеніне 3-4 ай ғана болды. Қазір бапкерлер мен дзюдошылар арасында адаптация болып жатыр. Алдағы уақытта осы жұмыстың арқасында жеңістер көп болады», - деді Қален Қалиұлы. 

Айта кетейік, құрамаға жаңадан қосылған 19 жастағы Талғат Орынбасар (60 келі) күміс алса, оның құрдасы Бақжан Байтас (-100 келі) қола медаль жеңіп алып, мамандар мен көрермендердің  қошеметіне ие болды. Сондай-ақ, құрамаға қосылғанына аз уақыт болғанына қарамастан Марат Байкамуров та жүлделі орыннан көрінді.

Медаль алған балуандар

  • Талғат Орынбасар (60 келі) - күміс 
  • Ғұсман Қырғызбаев (66 келі) - күміс 
  • Ерасыл Қажыбаев (+100 келі) - күміс 
  • Аман Бақытжан (60 келі) - қола 
  • Мағжан Шамшадин (60 келі) - қола 
  • Есет Қуанов (73 келі) - қола
  • Абылайхан Жұбаназар (81 келі) - қола
  • Марат Байкамуров (-100 келі) - қола
  • Бақжан Байтас (-100 келі) - қола.
Жарнама
Жарнама