«Минск» соңғы 34 ойын жеңіліп, жеңілістер сериясын үзді
ВТБ Бірыңғай лигасында өнер көрсететін «Астана» баскетбол клубы сырт алаңда турнирдің аутсайдері «Минск» клубынан жеңіліп қалды.
Беларусь астанасында өткен матч 60:58 (21:14, 15:18, 17:11, 7:15) есебімен аяқталды.
Бұл ойында ең нәтижелі ойыншы ретінде «Астана» шабуылшысы Маркелл Джонсон танылды, оның еншісінде 25 ұпай бар.
Айта кету керек, «Минск» командасы қатарынан 34 ойын жеңілгеннен кейін алғаш рет ұтып тұр. Ал, астаналық клубтың бұл қатарынан үшінші жеңілісі.
Енді 31 наурызда «Астана» сырт алаңда «Автодормен» кездеседі.