NBA плей-офф финалында «Бостон» мен «Даллас» ойнайтын болды

Редактор
31.05.2024, 10:31

«Батыс» конференциясының ең бағалы ойыншысы деп Лука Дончич танылып отыр.

Getty Images

NBA плей-офф кезеңі соңына жақындады. Бұған дейін финалға «Бостон Селтикстің» шыққаны белгілі болған. Енді бүгін «Даллас Маверикс» жартылай финалда «Миннесоту Тимбервулвз» командасын жеңді.

Даллас пен Миннесота командаларының арасындағы жартылай финалдық ойындар сериясы 5 матчқа жетті. Нәтижесінде «Селтикс» 4:1 есебімен жеңіске жетіп, финалға шықты. Бүгін болған соңғы ойында 105:102 есебі тіркелді.

Осылайша «Батыс» конференциясының ең бағалы ойыншысы (MVP) деп Лука Дончич («Даллас Маверикс») танылды. 25 жастағы баскетболшы соңғы бес ойынның төртеуінде ең нәтижелі ойыншы атанған.

Плей-офф кезеңінде Дончич 16 матч өткізіп, орта есеппен 28,3 ұпай жинаған.

«Даллас Маверикс» финалға шығу үшін «Лос-Анджелес Клипперс» (4-2), «Оклахома-Сити Тандер» (4-2) және «Миннесоту Тимбервулвз» (4-1) командаларын жеңді. Финалда «Бостонмен Селтикспен» мықтыны анықтайды.