Америкалық команда Олимпиада ойындарына барлығы 20 рет қатысып, соның 17-де чемпион болған
АҚШ ойыншысы Стефен Карри матчтың ең нәтижелі ойыншысы деп танылды. Ол 24 ұпай жинап, бес рет нәтижелі пас берген және екі рет қарсылас добын тартып алған. Паркетте ол 30 минутқа жуық уақыт өткізді.
Ал, Франция тарапынан ең үздік болған – Виктор Вембаньяма. «Сан-Антонио Спёрс» ойыншысы 26 ұпай жинап, екі рет нәтижелі пас берді. Вембаньяма NBA-да өнер көрсететін ең бойшаң баскетболшы екенін айта кету керек.
АҚШ баскетбол құрамасы болса осымен қатарынан бесінші Олимпиаданы жеңіп отыр. Америкалықтар өз тарихында жазғы Олимпиада ойындарына 20 рет қатысып, соның 17-де чемпион болған, бір рет күміс, екі рет қола жүлдегер атанған.