«Ажырасу ауыр тиді»: латвиялық белгілі баскетболшы өзіне қол жұмсап көз жұмды

Редактор
17.12.2024, 10:35

Ол өлер алдында СМС жазған

ТАСС

Латвиялық танымал баскетболшы Янис Тимма Мәскеудегі үйлердің бірінен өлі табылды. Алдын ала болжам бойынша, ол өзіне қол салған.

Айта кетейік, Янис украиналық әнші Анна Седокованың күйеуі болған. Жұлдызды жұп жақында ажырасып, мұнан кейін спортшы күйзеліске түсіпті. Мұны оның әлеуметтік желідегі жазбаларынан байқауға болады деп мәлімдеді ресейлік БАҚ өкілдері. Қайғылы оқиға Седокованың туған күнінде болған.

32 жастағы баскетболшының денесі Мәскеу орталығындағы көпқабатты үйдің подъезінен табылды. Мәйіттің жанында ұялы телефон болған және смартфонның экранында «Анна Седоковаға хабарласыңдар» деген жазба сақталыпты.

Янис Тимма мен Анна Седокова бес жыл бірге өмір сүрді. Екеуінің ажырасқанын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жазған. Спортшы болса отбасының бұзылғанын ауыр қабылдап, экс-әйелін өзіне адал болмағанын айтып айыптады.

Айта кету керек, Анна Седокованың бірінші күйеуі де онымен ажырасқаннан кейін қайтыс болған және ол да спортшы еді. Марқұм – киевтік «Динамо» футбол клубының капитаны Валентин Белькевич. Екеуі екі жыл бірге өмір сүріп ажырасты.