Джеймс екі категория бойынша да көш бастап тұр
«Лейкерс» клубының ойыншысы ЛеБрон Джеймс «Жаңа Орлеанмен» өткен ойында Ұлттық баскетбол қауымдастығында тарихта бірінші болып 50 мың ұпай жинады.
Бұған тұрақты маусым мен плей-офф матчтарының нәтижелері қосылған. Джеймс екі категория бойынша да көш бастап тұр. Ал бұл ойын алдында тиісінше 41837 мен 8162 ұпаймен келе жатқан.
Екінші сатыда келе жатқан Карим Абдул-Джаббар Джеймстен бақандай 6 мың ұпайға қалыс қалған (44,149). Джеймс 40 жасына қараған шағында 27 ойында орта есеппен 26,1 ұпай және 8,1 пас авторы атанды.
Одан қалда ҰБҚ-да айдың үздігі атанған ең егде ойыншы. Бұл атақты ол 41-рет алды. Бұл да рекорд.