ПСВ сенсация жасайды дейді Ермұхамед Мәулен
Белгілі спорт комментаторлары Олжас Байбосын мен Ермұхамед Мәулен және журналист Ғани Мұқашұлы 22-23 қазанда болатын Чемпиондар лигасының ойындарына болжам жасады.
«Бірінші гол» YouTube-каналының спикерлері турнирдің орталық матчтарына тоқталып, фавориттер мен аутсайдерлерді анықтады.
«Реал Мадрид» - «Боруссия Д»
Өткен турда Францияда жергілікті «Лилльден» жеңілген Мадрид клубы осы жолы өз алаңында Дортмундтың «Боруссия» клубын қабылдайды. Бұл екі клуб өткен маусымда Чемпиондар лигасының финалында ойнаған. Сол матчта «Реал» 2:0 есебімен жеңіске жетіп, кубок көтерген болатын.
Ермұхамед Мәулен: «Реал» Чемпиондар лигасының королі, сондықтан бұл матчта алаң иелері 3 гол соғады. Менің болжамым: «Реал» жеңіске жетеді, гол саны 2,5-тен көп
Олжас Байбосын: Екі команда да гол соғады. «Реал» қиналып жеңіске жетеді деп ойлаймын. Есеп – 2:1
«Барселона» - «Бавария»
«Бавария» мен «Барселона» текетіресі жанкүйерлерге жақсы таныс. Соңғы алты матч қатарынан «Бавария» жеңіске жеткен. Әсіресе, 2020 жылғы 8:2 есебі әлі ұмтылған жоқ. Сол кезде «Баварияны» жаттықтырған Ханси Флик қазір «Барселонаның» тізгінін ұстап жүр.
Ермұхамед Мәулен: Қазір «Баварияға» қарағанда «Барселона» мықтырақ. Венсан Компани келгелі «неміс машинасы» шіріп жатыр. «Астон Вилладан» ұтылып қалды, «Байермен» тең түсті. Осы ойында «Барселона» жеңіске жетеді.
«Барселонаның» жеңісіне – 2,35 кэф.
Олжас Байбосын: Қызық ойын күтеміз. Бұл ойында бәрі болуы мүмкін. Нақты фаворит жоқ. Бірақ «Бавария» соңғы кездері «Барселонаға» қарсы ойына келгенін істеп жүр. Осы жолы да «Бавария» жеңуі мүмкін.
«Баварияның» жеңісіне 2,7 кэф.
«Лейпциг» - «Ливерпуль»
Қазір «Ливерпульдің» жағдайы жақсарған. Арне Слот келгелі команда тек «Ноттингем Форестке» ғана есе жіберген. Қалған матчтардың барлығын ұтып жатыр.
Ермұхамед Мәулен: Мохамед Салах, Луис Диастар голдарды топырлатады деп ойлайтындар бар. Олай емес. Меніңше, ойын тең аяқталуы мүмкін. Екі команда да гол соғады деген болжамға тоқталып отырмын.
Екеуі де гол соғады – 1,51 кэф.
Олжас Байбосын: Топырлаған голдар көруіміз мүмкін. Сондықтан доп саны 3,5-нан көп деп ойлаймын.
Доп саны 3,5-нан көп – 2,23 кэф.
«Ювентус» - Штутгарт»
Екі ұжым әзірге бір-бірімен кездеспеген. Чемпиондар лигасында «Ювентус» 6 ұпаймен жетінші орында келе жатыр. Ал «Штутгарт» екі матчта тек бір ұпай жинап үлгерді.
Ермұхамед Мәулен: «Ювентус» аса қиналмай жеңіске жетеді.
«Ювентустің» жеңісіне 1,95 кэф.
ПСЖ – ПСВ
Бұл екі ұжым да бір-бірімен бұрын-сонды кездеспеген екен.
Ермұхамед Мәулен: Осы ойында сенсация болады. ПСВ азулы қарсыласынан басым түседі. Жеңбесе маған хабарласыңыздар.
ПСВ командасына жеңісіне 7,18 кэф.
«Брест» - «Байер»
«Брест» Чемпиондар лигасының жаңа сенсацияларының бірі. Команда алғашқы екі матчта 6 ұпай жинады. Осы жолы өз алаңында Германияның су жаңа чемпионы Байерді қабылдайды.
Ермұхамед Мәулен: «Брест» қайта-қайта жеңе бермейді. Осы жолы ұпай жоғалтады. Әрине, бір гол соғуы мүмкін. Есеп – 1:3. Тіпті, доп саны 3,5-нан көп дегенді ала берсеңіздер де болады.
Доп саны 3,5-нан көп -2,41 кэф.
Олжас Байбосын: Сенсация болуы ықтимал. «Брест» ұтылмауы әбден мүмкін.
«Янг Бойз – «Интер»
Бұл екеуі де бір-бірімен алғаш рет жолықпақ. «Интер» әзірге екі матчта 4 ұпай жинады. «Янг» тіпті гол да соқпады. «Астон Вилла» мен «Барселонадан» ірі есеппен ұтылған.
Ермұхамед Мәулен: «Интер» жеңіске жетеді. Оған талас жоқ. Шабуыл шебі сұрапыл. Лаутара Мартинес, Маркес Тюрам, Марко Арнаутович бар.
«Интердің» жеңісіне букмекерлер 1,38 кэф ұсынды.