Жарнама
Жарнама

Александр Усиктің міндеттелген қарсыласы допинг дауына тап болды

Редактор
Бүгін, 12:26

Джозеф VADA жүйесі бойынша допинг-сынаманы жекпе-жек күні тапсырған

Getty sport

Бокстан ауыр салмақтағы әлемнің экс-чемпионы Джозеф Паркердің (36-4, 24 KO) кокаин қолданғаны туралы туралы хабар тарады. 

Тыйым салынған зат боксшының Фабио Уордлимен (20-0-1, 19 KO) өткізген жекпе-жек күні тапсырған допинг-сынамасынан табылып отыр. 

25 қазанда Лондонда өткен жекпе-жекте Паркер 11-раундта техникалық нокаутпен жеңіліп, WBO-ның уақытша белбеуінен және Александр Усикпен абсолютті чемпион атағы үшін кездесуге міндетті үміткер мәртебесінен айырылған еді.

Джозеф VADA жүйесі бойынша допинг-сынаманы жекпе-жек күні және оған бір күн қалғанда тапсырған. Оның екінші сынамасынан кокаин барын дәлелдесе, Паркер екі жылға бокстан шеттетілуі мүмкін.

Осыдан кейін боксшы ресми мәлімдеме жасап, әлеуметтік желіде жазба жариялады. 

«Жекпе-жек алдындағы тестке өз еркіммен келістім. Енді анализдің қолайсыз нәтижесі туралы хабар алдым. Бұл жаңалық мен үшін толық күтпеген жағдай болды. Мен ешқандай тыйым салынған препарат қолданған жоқпын. Допингті қолданған емеспін және оны қолдамаймын. Қазір тергеу барысына толықтай көмектесіп жатырмын және бұл процесс менің атымды толық ақтайтынына сенімдімін. Қолдау білдірген жандардың бәріне алғыс айтамын. Бұл мен үшін және отбасым үшін өте маңызды. Тергеу аяқталған соң барлық сұраққа жауап бере аламын», - деп жазды Джозеф Паркер.

Реклама
Реклама