Жарнама
Жарнама

Абылайхан Жүсіпов Өзбекстанға аттанды

Редактор
19.11.2025, 10:23

Ол жақында Семейде өткен ел чемпионатында топ жарған

әлеуметтік желі

Бокстан әлем чемпионатының үш дүркін жүлдегері Абылайхан Жүсіпов Өзбекстандағы біріккен оқу-жаттығу жиындарына аттанды. Бұл туралы қарағандылық спортшы желіде жазба жариялап, үлкен сапарға бет алғанын жеткізді.

«Өзбекстан еліне біріккен оқу-жаттығу жиынына аттанып бара жатырмыз. Өзге елдердің ұлттық құрамаларымен бірге өтетін бұл ОЖЖ бізге үлкен тәжірибе, жаңа деңгей береді деп сенемін. Алдағы басталатын дайындықтардың жемісті болуын тілеп қойыңыздар!», - деп жазды боксшы.

Абылайхан Жүсіпов жақында Семейде өткен ел чемпионатында топ жарған. Ол шілде айында Астанада өткен әлем кубогының кезеңдік бәсекесінде қырғыз боксшысына жол беріп, әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігінен айрылған еді.

Айта кететін жайт, Абылайхан Жүсіповтің орнына Ливерпульде өткен жаһан біріншілігіне барған Төрехан Сабырхан 70 келіде топ жарып, ұлттық құраманың №1 боксшысы атанды.

Реклама
Реклама