Жарнама
Жарнама

Геннадий Головкин World Boxing президенттігіне жалғыз үміткер атанды

Редактор
19.11.2025, 20:30

Президентікке сайлау Римде өтеді

ҰОК

World Boxing басшылығына қатысты маңызды жаңалық белгілі болды. Грекия бокс федерациясының президенті Харис Мариолис ұйым президенттігіне өз кандидатурасын ресми түрде қайтарып алды.

Осы шешімнен кейін Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің президенті Геннадий Головкин ұйымды басқаруға жалғыз үміткер болып отыр.

Аптаның соңында Римде өтетін World Boxing халықаралық конгресінде делегаттар жаңа президентті сайлайды.

Реклама
Реклама