Жарнама
Жарнама

Фьюридің промоутері екі өзбек боксшысын қарамағына алды

Редактор
26.11.2025, 11:36

Екі өзбек боксшысы да кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 28 қарашада Челябіде өткізеді

championat.com

Quensberry Promotions компаниясының басшысы, әлемге әйгілі промоутер Фрэнк Уоррен алғаш рет Орталық Азия нарығына кіріп, Өзбекстанның екі боксшысымен келісімшарт жасады.

Кәсіпқой боксшылар қатарына өтетін былғары қолғап шеберлері:

Асадхуджа Муйдинхуджаев, 26 жаста
* Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы (71 кг)
* 2025 жылғы әлем чемпионы (65 кг)
* 2023 жылғы әлем чемпионы (67 кг)

Жавохир Умматалиев, 20 жаста
* 2025 жылғы әлем чемпионы (80 кг)
* 2024 жылғы Азия чемпионы (75 кг)
* 2022 жылғы жастар арасындағы әлем чемпионы

Фрэнк Уоррен бұл екі боксшының болашағына зор үміт артып, оларды әлемдік титулдарға үміткер болады деп болжайды.

Екі өзбек боксшысы да кәсіпқой рингтегі алғашқы жекпе-жегін 28 қарашада Челябіде өткізеді. Муйдинхуджаевтың қарсыласы – қазақстандық Айдос Тастаев (8-7, 2 КО). Ал Умматалиев әзербайжандық Рахим Алиевпен (3-0, 3 КО) қолғап түйістіреді.

2026 жылы екеуі Ұлыбританияда өнер көрсетеді деп жоспарлануда. Қазіргі таңда Муйдинхуджаев жартылай орта салмақта (66,6 кг), ал Умматалиев жартылай ауыр салмақта (79,3 кг) дайындалып жатыр.
Фрэнк Уоррен қазір Сауд Арабиясымен бірлескен жобаларға белсенді қатысып жүр. Оның басты жұлдызы – Тайсон Фьюри. Бұдан бөлек, ол Уоррен Фабио Уордли, Агит Кабайел, Хамза Шираз сияқты чемпиондарды, сондай-ақ Насим Хаммед, Рикки Хаттон, Джо Кальзаге және Амир Хан секілді аңыз боксшылардың мансабын қалыптастырған тұлға ретінде танымал.

Реклама
Реклама