Жарнама
Жарнама

Василий Жиров ІВА чемпионатын тамашалауға шақырту алды

Редактор
Бүгін, 14:44

Дубайда ІВА ұйымдастырған әлем біріншілігі өтіп жатыр

Видеодан кадр

Бокстан Атланта Олимпиадасының чемпионы Василий Жиров Дубайда басталған ІВА ұйымдастырған әлем біріншілігіне құрметті қонақ ретінде шақырылды. Қазақстандық спортшы аталған іс-шараның ашылу салтанатына жұбайымен бірге қатысқан.

Бұл туралы боксшы желіде бейнежазба жариялап, жауапты жарысты тамашалаудың сәті түскенін атап өтті.

2-13 желтоқсан аралығында БАӘ-де өтетін сында жүлде алған бокшсыларға ІВА қомақты қаражат табыстамақ. Бұл туралы қауымдастық президенті Умар Кремлев мәлімдеп, уақыт өткен сайын қаржы көлемі ұлғая беретінін атады.

Сондай-ақ, бұл сын бокс тарихындағы ең ауқымды чемпионат ретінде есте қалмақ. Оған жүзден астам елдің боксшылары қатысады. Турнирдің жүлде қоры 8,32 миллион доллар көлемінде сыйақы төлейді.

Әр салмақ дәрежесінің чемпиондары 300 000 доллардан, күміс жүлдегерлер 150 000 доллардан, қола жүлдегерлер 75 000 доллардан алады. Ал 5-орын иегерлеріне 10 000 доллар беріледі. Оның 50%-ы боксшыға, 25%-ы жаттықтырушыға, 25%-ы ұлттық федерацияға бөлінеді.

 

Реклама
Реклама

Материалда: