Жарнама
Жарнама

Эрисланди Лара Жәнібек Әлімханұлын жазалауды талап етті

Редактор
04.12.2025, 12:35

Лара енді венесуэлалық Йохан Гонсалеспен кездеседі

kursiv.media

WBA нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы, кубалық боксшы Эрисланди Лара допинг дауына байланысты Жәнібек Әлімханұлын қатаң жазалауды талап етті.

7 желтоқсанда Сан-Антониода (Техас, АҚШ) өтеді деп жоспарланған үш белдік үшін айқас соңғы сәтте тоқтатылған еді. Себебі 15 қарашада алынған Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылған. Осыған байланысты жекпе-жек ресми түрде кейінге қалдырылып, Лара енді венесуэлалық Йохан Гонсалеспен кездеседі.

Менің ойымша, ол міндетті түрде жазалануы керек. Допинг-тест оң нәтиже көрсетті. 32 жастағы боксшы 42 жастағы қарсыласымен айқас алдында тыйым салынған заттарды қолданған. Бұл үшін ол жауапқа тартылуы тиіс, –  деді Лара америкалық журналистерге берген сұхбатында.

Реклама
Реклама