Жарнама
Жарнама

Әлем чемпионаты: қазақстандық боксшы алғашқы раундта нокаутпен жеңді

Редактор
04.12.2025, 23:47

Ол тәжік боксшысын жеңді. 

Видеодан алынған кадр

Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2025 жылғы әлем чемпионатында Қазақстан ұлттық құрамасының боксшысы шаршы алаңға шықты.

92 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен 1/16 финалда Нурмагамед Юсупов Тәжікстан өкілі Навруз Джафоевпен кездесіп, жекпе-жекті алғашқы раундта-ақ мерзімінен бұрын аяқтады. Рефери алғашқы нокдауннан кейін-ақ кездесуді тоқтатты. Осы жеңістің арқасында Нурмагамед Юсупов келесі кезеңге жолдама алды, ал Навруз Джафоев әлем чемпионатындағы жорығын аяқтады.

Қазақстан құрамасы биылғы әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Турнир 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Жарыстың жалпы жүлде қоры – рекордтық 8,32 млн доллар. Чемпиондар – 300 мың доллардан, күміс жүлдегерлер – 150 мың, қола жүлдегерлер 75 мың доллардан алады. Ал ширек финалға шыққан боксшылардың әрқайсысына 10 мың доллар сыйақы қарастырылған.

Реклама
Реклама