Жарнама
Жарнама

Даниял Сәбит әлем чемпионатын жеңіспен бастады

Редактор
06.12.2025, 22:10

51 келінің өкілі қарсыласына еш мүмкіндік қалдырған жоқ. 

Қазақстан бокс федерациясы

Қазақстандық боксшы Даниял Сәбит Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегінде сенімді түрде жеңіске жетті.

1/16 финалда 51 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол Кения боксшысы Кельвин Майнадан басым түсті.

Азия чемпионатының күміс жүлдегері және Қазақстанның үш дүркін чемпионы атанған Даниял Сәбит осылайша келесі кезеңге жолдама алды. Ал оның қарсыласы әлем чемпионатындағы жорығын тоқтатты.

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы әлем біріншілігіне барлық 13 салмақ дәрежесі бойынша қатысып жатыр. Бұған дейін бес боксшымыз алғашқы сыннан сүрінбей өтті.

Әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры - 8,32 миллион доллар.

Реклама
Реклама