Жарнама
Жарнама

7 желтоқсанда шаршы алаңға кімдер шығады

Редактор
07.12.2025, 13:19

Үш боксшымыз бақ сынайды. 

ҚР ҰОК

7 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырып жатқан 2026 жылғы әлем чемпионатында Қазақстанның үш боксшысы шаршы алаңға шығады.

Рингке Оразбек Асылқұлов (57 кг), Ертуған Зейнуллинов (63,5 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) шығады.

Күндізгі сессия Қазақстан уақытымен 18:00-де басталады. Осы бөлімдегі алғашқы жекпе-жекте Оразбек Асылқұлов өнер көрсетеді. Оның қарсыласы – Кабо-Верде боксшысы Элизандру Саншеш да Силва.

Кешкі сессия 22:00-де басталады. Ертуған Зейнүллинов Моңғолия өкілі Даваадалай Алтангэрэлмен шамамен 23:45-те жұдырықтасады. Ал Абылайхан Жүсіпов армян боксшысы Арарат Арутюнянмен шамамен 00:45-те кездеседі.

Бұған дейін шаршы алаңға шыққан сегіз боксшымыздың барлығы алғашқы кезеңнен сүрінбей өтті.

Реклама
Реклама