Жарнама
Жарнама

Дубайдағы әлем чемпионатында алғашқы этникалық қазақ боксшысы жеңілді

Редактор
07.12.2025, 20:18

Қырғызстан боксшысы Омар Ливазеге 0:5 есебімен жол берді

Өзбекстан бокс федерациясы

Дубайда IBA-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында Өзбекстан құрамасының боксшысы жеңіліс тапты.

1/16 финалда Өзбекстан сапында өнер көрсететін қазақ Саят Ілиясов Қырғызстан боксшысы Омар Ливазеге 0:5 есебімен жол берді.

Ал бұл салмақта Қазақстан намысын Ертуған Зейнуллинов қорғайды. Ол шарша алаңға бүгін шамамен 23:45-те шығады. Қарсыласы - Моңғолия өкілі Даваадалай Алтангерел.

Айта кетейік, бұған дейін Ілиясов палестиналық Анас Слейманды мерзімінен бұрын жеңген болатын. Саят 2024 жылы Астанада жастар арасында өткен Азия чемпионатында қола жүлдегер атанған.

Реклама
Реклама