Жарнама
Жарнама

Санатәлі Төлтаев ширек финалда Асадхуджа Муйдинхуджаевпен жұдырықтасады

08.12.2025, 18:27

Бүгін әлем чемпионатының 1/8 финалдық кездесулері басталды. 

ҚР ҰОК

Дубайда ІВА-ның ұйымдастыруымен өтіп жатқан әлем чемпионатында 67 келінің өкілі Санатәлі Төлтаев ширек финалға өтті.

Жерлесіміз 1/8 финалда бразилиялық Кассио Сантос Оливейрадан басым түсті. Тартысты өткен жекпе-жекте Санатәлі төрешілердің ортақ дауысымен жеңіске жетті.

Енді ширек финалда өзбекстандық Асадхуджа Муйдинхуджаевпен кездеседі.

Естеріңізде болса, 2019 жылғы Азия чемпионатының қола жүлдегері және 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Төлтаев 1/16 финалда Замбия өкілі Джеральд Кабиндамен кездесіп, үздіксіз шабуыл алмасқан айқаста қарсыласын жарыс жолынан шығарды – 4:1

Әлем чемпионаты-2025 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Турнирдің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.

Реклама
Реклама