Сапарбай әлем чемпионатын 1/8 финалдан бастады.
Қазақстанның аса ауыр салмақтағы өкілі Нұрлан Сапарбай Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан IBA әлем чемпионатын сенімді жеңіспен бастады.
92 келіден жоғары салмақта 1/8 финалда шаршы алаңға көтерілген Сапарбай IBA-PRO лигасының өкілі Иман Раамезанпурделвармен күш сынасты. Үш раунд бойы тартысқа толы өткен жекпе-жекте Нұрлан шеберлігін көрсетіп, төрешілер шешімімен жеңісті қанжығасына байлады – 4:1.
Осылайша, 2025 жылғы Қазақстан чемпионы Нұрлан Сапарбай ширек финалға жолдама алды. Ал ирандық қарсыласы турнирдегі жолын осы кезеңде тәмамдады.
Айта кетейік, әлем чемпионаты 13 желтоқсанға дейін жалғасады. Биылғы бәсекенің жалпы жүлде қоры – 8,32 миллион доллар.