Шаршы алаңға алты боксшымыз шығады.
Бүгін, 9 желтоқсан күні, Дубайда өтіп жатқан әлем чемпионатының 1/8 финалында Қазақстан құрамасының алты боксшысы шаршы алаңға көтеріледі.
Күндізгі сессия – 18:00-де, ал кешкі сессия 22:00-де басталады.
Қазақстандық былғары қолғап шеберлерінің жекпе-жек кестесі мынадай:
18:30 – 54 кг
Сәкен Бибосынов – Факи Исса Факи (Танзания)
19:45 – 63,5 кг
Ертуған Зейнуллинов – Хосе Мануэль Агуйре Круз (IBA-PRO)
20:15 – 86 кг
Дәулет Төлемісов – Акмалжон Исроилов (Өзбекстан)
22:30 – 51 кг
Даниял Сәбит – Леник Фернандес (Кабо-Верде)
23:00 – 57 кг
Оразбек Асылқұлов – Мукело Дламини (Эсватини)
00:45 – 71 кг
Абылайхан Жүсіпов – Александр Родионов (Беларусь)
Бұған дейін бес былғары қолғап шеберіміз ширек финалға жолдама алған:
Теміртас Жүсіпов (48 кг)
Серік Теміржанов (60 кг)
Санатәлі Төлтаев (67 кг)
Сабыржан Аққалықов (75 кг)
Нұрлан Сапарбай (92+ кг)
Өкінішке қарай, 80 келідегі Ерасыл Жақпеков пен Нурмагамед Юсупов әлем чемпионатын аяқтады.