Жарнама
Жарнама

Оразбек Асылқұлов қарсыласын 20 секундта нокаутқа түсірді

Редактор
09.12.2025, 22:56

Ол – ширек финалға өткен тоғызыншы боксшы. 

ҚР ҰОК

Қазақстандық тағы бір боксшы Оразбек Асылқұлов әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды.

57 келінің өкілі Дубайда ІВА ұйымдастырып жатқан біріншіліктің 1/8 финалында Эсватини елінің боксшысы Мукело Дламиниді нокаутпен ұтты.

Бұған дейін 51 келідегі Даниял Сәбит Кабо-Верде боксшысы Леник Фернандесті еш қиындықсыз жеңсе, 54 келіде Сәкен Бибосынов танзаниялық Факи Исса Факиден басым түсті, ал 63,5 келі салмақта өнер көрсеткен Ертуған Зейнуллинов IBA-PRO лигасының боксшысы Хосе Мануэль Агуйре Круздың адымын аштырмады.

Өкінішке қарай, 86 келідегі Дәулет Төлемісов өзбекстандық әлем чемпионына есе жіберіп, жарыстан шығып қалды.

Реклама
Реклама