Жарнама
Жарнама

«Үш қарсылас – Ресейден». Бүгін жартылай финалда алты қазақстандық боксшы жұдырықтасады

Редактор
11.12.2025, 12:23

Жекпе-жектердің нақты жұптары белгілі болды

Фото: instagram/temirtaszhusupov

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) ұйымдастырған әуесқой бокстан әлем чемпионатында қазақ боксшылары тарихи нәтижені қайталады.

Бүгін ұлттық құраманың алты бірдей мүшесі жартылай финалда сынға түседі. Жекпе-жектердің нақты жұптары белгілі болды.

Жартылай финал жұптары:

48 кг:
Теміртас Жүсіпов – Эдмонд Худоян (Ресей)

54 кг:
Сәкен Бибосынов – Тапа Чандра Бахадур (Непал)

57 кг:
Оразбек Асылқұлов – Андрей Пегливанян (Ресей)

63,5 кг:
Ертуған Зейнуллинов – Илья Попов (Ресей)

71 кг:
Абылайхан Жүсіпов – Ихтияр Нишонов (Қырғызстан)

75 кг:
Сабыржан Аққалықов – Фазллиддин Эркинбоев (Өзбекстан)

Жекпе-жектердің басталу уақыты:

17:00–19:00
• 48 кг: Жүсіпов – Худоян (17:00)
• 54 кг: Бибосынов – Бахадур (17:45)
• 75 кг: Аққалықов – Эркинбоев (19:00)

22:00–23:45
• 57 кг: Асылқұлов – Пегливанян (22:30)
• 63,5 кг: Зейнуллинов – Попов (23:15)
• 71 кг: Жүсіпов – Нишонов (23:45)

Чемпионаттың жүлде қоры

Турнирдің қаржылық сыйақы қоры да рекордтық деңгейде:
• чемпионам – 300 000 доллар,
• күміс жүлдегерлерге – 150 000 доллар,
• қола жүлдеге – 75 000 доллар,
• ширек финалға шыққандарға – 10 000 доллар беріледі.

Әлем чемпионаты 4–13 желтоқсан аралығында өтеді.

Реклама
Реклама

Материалда: