Жарнама
Жарнама

Финалға тыңғылықты даярланамыз – Асылқұлов

11.12.2025, 23:06

Ол әлем чемпионатының финалына шықты. 

iba.sport

Әлем чемпионатының финалына шыққан қазақстандық боксшы Оразбек Асылқұлов жеңісіне қатысты пікір білдірді.

Ол 57 келіде ресейлік Андрей Пегливанянды айқын басымдықпен жеңді.

Ресей боксшысымен тартысты жекпе-жек болды. Ресей 13 боксшысын әкеліп, соның барлығы жартылай финалға шыққан. Менің қарсыласым ­- ұтылған алғашқы ресейлік боксшы. Алдағы финалдық айқасқа тыңғылықты даярланамыз. Бапкерлер кеңесін айтып отырды. Асықпай, салқынқанды бокстасу керектігін тапсырды, орындадық, - деді Асылқұлов.

Айта кетейік, Асылқұлов – әлем чемпионатының финалына шыққан үшінші боксшы. Бұған дейін Сәкен Бибосынов пен Сабыржан Аққалықов финалға жолдама алды.  

Реклама
Реклама