Жарнама
Жарнама

“Күмісті қанағат тұтты”. Сабыржан Аққалықов финалда жеңілді

13.12.2025, 20:57

Қазақстан қоржыны күміс медальмен толықты. 

ҚР ҰОК

Дубайда (БАӘ) өтіп жатқан 2025 жылғы бокстан әлем чемпионатында қазақстандық боксшы Сабыржан Аққалықов күміс жүлдеге қол жеткізді.

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық айқаста отандасымыз ресейлік Исмаил Муцольговпен қолғап түйістірді. Үш раундқа созылған тартысты жекпе-жекте қарсыласы сәл басымдық танытып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңіс Муцольговқа бұйырды. Осылайша, ресейлік боксшы әлем чемпионатының алтын медалін, ал Сабыржан Аққалықов күміс жүлдені еншіледі.

Айта кету керек, Сабыржан финалға ерекше жолмен жетті. Жартылай финалда оның қарсыласы жарақатына байланысты жекпе-жекке шыға алмай, қазақстандық боксшы шешуші кезеңге тікелей өтті. Дегенмен бұған дейінгі кездесулерде Аққалықов өз мықтылығын толық дәлелдеді: ол екі қарсыласын нокаутпен жеңіп, чемпиондыққа лайық деңгейде екенін көрсетті.

Осы нәтижемен Қазақстан құрамасы Дубайдағы әлем біріншілігін жоғары көрсеткішпен аяқтап отыр. Бұған дейін ұлттық құрама қоржынына үш алтын медаль түскен болатын – Сәкен Бибосынов (54 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг) және Абылайхан Жүсіпов (71 кг) әлем чемпионы атанды.

Сабыржан Аққалықовтың күміс жүлдесі де қазақстандық бокстың халықаралық аренадағы абыройын арттыра түскені сөзсіз.

Реклама
Реклама