Жарнама
Жарнама

Сабыржан Аққалықовты жеңген ресейлік боксшыны Артур Бетербиев ерекше мақтады

Редактор
15.12.2025, 11:54

Исмаил Муцольгов 75 келіде әлем чемпионы атанған

© Ресей бокс федерациясы / Леонид Утешев

Бокстан әлемнің экс-чемпионы Артур Бетербиев ІВА өткізген жаһан біріншілігінде 75 келіде чемпион болған боксшы туралы пікір білдірді.

Дубайда өткен сында Исмаил Муцольгов 75 келіде финалға дейін жетіп, шешуші сында қазақстандық Сабыржан Аққалықовтан төрешілер шешімі бойынша басым түскен еді. Аталған сәтте ринг шетінде Артур Бетербиев оған қолдау білдірді.

«Әлем чемпионы атанған «Ахмат» спорт клубының тәрбиеленушісі Исмаил Муцольговты ерекше атап өткім келеді. Ол өзін сенімді түрде көрсетті және олимпиадалық бокстың үздік спортшыларының бірі екенін дәлелдеді. Шешен Республикасы басшысы Рамзан Ахматұлына спортқа әрдайым ерекше көңіл бөліп, спортшыларға жан-жақты қолдау көрсетіп келе жатқаны үшін шын жүректен алғысымды білдіремін. Осы қолдаудың арқасында Шешен Республикасының спортшылары әлемдік деңгейдегі ірі халықаралық ареналарда өздерін нық танытып жүр», - деп жазды ол.

Өткен аптада БАӘ-де өткен кезекті ІВА ұйымдастырған әлем чемпионатының финалына РФ құрамасының 12 боксшысы финалға шықты. Тағы бір боксшысы қола жүлде иеленді. Аталған сындағы төрешілер шешімі жаппай сынға ұшырап, әлем чемпионатының деңгейінің өте төмен болғанын бокс жанкүйерлері ащы сынға алды. Сонымен бірге, турнир барысында көрермен қатары өте сирек болғаны анық байқалды.

Реклама
Реклама