Жарнама
Жарнама

Жәнібек Әлімханұлының кәсіби карьерасында қанша қаржы тапқаны белгілі болды

Редактор
24.12.2025, 20:17

Доминикандық Карлос Адамес те мансабында осыған жуық қаражат тапқан

Әлеуметтік желі

Орта салмақта WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы кәсіби мансабы барысында шамамен 1,5 миллион АҚШ доллары көлемінде табыс тапқан. Бұл туралы SurpriseSports порталы хабарлады.

Аталған салмақтағы басқа чемпиондардың табысы да шамалас. Мәселен, WBC белбеуінің иегері, доминикандық Карлос Адамес те мансабында осыған жуық қаражат тапқан. Ал британдық боксшы Хамза Шираздың табысы – 1,2 миллион доллар, ал қазіргі чемпиондар арасындағы ең жоғары кіріс көрсеткіші WBA чемпионы, кубалық Эрисланди Лараға тиесілі – шамамен 2 миллион доллар.

Жәнібек Әлімханұлы кәсіби рингте 17 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. Оның 11-ін нокаутпен аяқтаған.

Айта кетейік, 7 желтоқсанда қазақстандық боксшы Эрисланди Ларамен WBO, IBF және WBA тұжырымдары бойынша біріктіруші жекпе-жек өткізуі тиіс болған. Алайда айқас қарсаңында Әлімханұлының допинг сынамасынан мельдоний табылып, жекпе-жек тоқтатылды. Нәтижесінде Лара венесуэлалық Йохан Гонсалеспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауыздан шешімімен жеңіске жетті.

Егер аталған жекпе-жек өткенде, Жәнібек Әлімханұлы чемпион ретінде 350 мыңнан 500 мың долларға дейін гонорар алуы мүмкін еді.

Реклама
Реклама