Ол ұйымдастырушылар уәде бергенін айтады.
Ресейлік боксшы Артур Бетербиев отандасы Дмитрий Биволға қарсы үшінші жекпе-жек өткізгісі келетінін айтты.
Бетербиевтің сөзінше, оның бокста әлі де аяқталмаған ісі бар.
«Кейде түрлі ойлар келеді, бірақ бір нәрсені анық білемін – менің аяқталмаған жұмысым бар. Маған үшінші жекпе-жек өткізіп, осы тақырыпты біржола жабу қажет. Содан кейін ғана алдағы жоспарлар туралы ойлаймыз. Жалпы, бокстан әлі шаршаған жоқпын, әлі де алар асуымның барын сеземін», – деді ол.
Боксшы ұйымдастырушылар үшінші жекпе-жек өтетіні туралы сөз берген.
«Жекпе-жек өтеді деп үміттенемін. Қалай дегенмен ұйымдастырушылардың өздері солай деп уәде етті. Бұл кездесу бәріне нүкте қою үшін керек», – деп қосты Бетербиев.
Еске салайық, екі боксшы арасындағы алғашқы кездесу 2024 жылдың қазан айында өткен. Ол кезде Артур Бетербиев төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, жартылай ауыр салмақта абсолютті әлем чемпионы атанды. Ал 2025 жылдың ақпанында өткен қарымта айқаста Дмитрий Бивол ұпай санымен басым түсіп, жеңісті өз пайдасына шешкен болатын.
Бұған дейін Бетербиев қазақстандық боксшылардың өнеріне жоғары баға берген болатын.