Жарнама
Жарнама

Али Ахмедов Ганадан келген боксшыны қиындықсыз жеңді

Редактор
Бүгін, 11:04

Ал, Бекман Сойлыбаев өзбек боксшысына техникалық нокаут жазды

Ali Akhmedov Promotions

Алматыда өткен кәсіпқой бокс кешінде супер орта салмақта өнер көрсететін Али Ахмедов (25-2, 17 КО) ганалық Делали Миледзимен (29-2, 22 КО) жұдырықтасып, қиындықсыз жеңіске жетті.

Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын және боксшылар соңына дейін жұдырықтасты. Нәтижесінде төрешілер бірауыздан жеңісті қазақстандыққа ұстатты.

Бұл – Али Ахмедовтің кәсіпқой бокстағы 25-ші жеңісі. Оның 17-ін нокаутпен аяқтаған. Тағы екі кездесуінде ол жеңілген.

Ал, Ганадан келген Делали Миледзи де тәжірибелі боксшы. Ол 29 жекпе-жектің 22-де нокаут тіркесе, тағы екі кездесуін жеңіліспен аяқтаған.

Осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық Бекман Сойлыбаев (21-1, 12 КО) өзбек Абдулло Кучкаровты (6-1, 5 КО)техникалық нокаутпен жеңді. Екінші раундтан кейін ол жекпе-жекті жалғастырудан бас тартқан.

Реклама
Реклама