Жарнама
Жарнама

Қазақстан мен Өзбекстан спортшыларын бір-біріне қарсы қою дегенді түсінбеймін – Арман Махановтың жеке бапкері

Бүгін, 13:24

Бір-бірімізді қолдауымыз керек

Ашық дереккөзден

Дубайда өткен әлем чемпионатында көпшіліктің назарын аударған боксшылардың бірі – Өзбекстан сапында өнер көрсететін қазақ баласы Арман Маханов. Спортшының жеке бапкері Нұрсұлтан Бөріханов 1bol.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында екі елдің боксы туралы айтты.

– Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы бокс бәсекелестігіне көзқарасыңыз қандай?

– Өз басым екі елдің спортшыларын бір-біріне қарсы қою дегенді түсінбеймін. Мүлде дұрыс емес. Біз – бір халықпыз. Бір-бірімізді қолдауымыз керек. Спортшылардың арасында ешқандай араздық жоқ. Бірақ соңғы кездері диванда отырып алып, артық сөз айтатындар көбейіп кеткен.

– Соңғы он жылдағы Өзбекстан боксының тұрақты жетістігінің сыры неде?

– Бұл – ұжымдық жұмыс. Әркім өз міндетін атқарады: массажист – массажын, дәрігер спортшының денсаулығын қадағалайды. Ең бастысы – бас бапкер жас бапкерлердің де пікірін тыңдайды.

– Спортшыларға жасалған жағдай қалай?

– Жағдайды нәтиже көрсетеді. Қалғанын сол жетістіктерден-ақ байқауға болады.

Реклама
Реклама