Сәкен Бибосынов әлем чемпионатындағы жүлдесі үшін тағы бір сыйлыққа ие болды
Қазақстандық боксшы Сәкен Бибосынов пен каратэші Әсел Қанайға әлем чемпионаттарындағы жетістіктері үшін автокөлік табысталды.
Жаңа жыл қарсаңында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров әлем чемпиондары мен жүлдегерлеріне көліктің кілтін табыстады. Құрметті марапатқа бокстан екі дүркін әлем чемпионы Сәкен Бибосынов және каратэден әлем чемпионатының қола жүлдегері Әсел Қанай ие болды.
Еске салайық, International Boxing Association ұйымдастырған 2025 жылғы әлем чемпионатының финалында Сәкен Бибосынов ресейлік Вячеслав Рогозинді төрешілердің бөлінген шешімімен жеңіп, алтын медаль еншілеген еді.