Жарнама
Жарнама

Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері ұлттық құраманың тізгінін ұстады

Редактор
10.01.2026, 12:26

024 жылдан бері ұлттық құрамада жүр

бокс федерациясы

Бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері ауысты. Бір жарымға жылға жуық бас бапкер болған Қайрат Сәтжановтың орнына көмекшісі Нұржан Насанов тағайындалды.

Нұржан Насанов 1975 жылы дүниеге келген. Екі дүркін әлем чемпионы Санжар Тәшкенбайдың жеке бапкері. 2024 жылдан бері ұлттық құрамада жүр.

Ал Қайрат Сәтжанов денсаулығына байланысты қызметінен кеткен.

 Нұржан Насановтың жетекшілігімен биыл ұлттық құрама Азия чемпионатына және Азия ойындарына қатысады.

Реклама
Реклама