Ресейлік боксшы лифтіде сал ауруына шалдыққан жігітті соққыға жықты

Редактор
10.02.2026, 09:23

Ол жас жігіттің қабағын жарып жіберген. 

bankfax.ru

Ресей бокс федерациясының мүшесі Барнаул қаласында жас жігітті соққыға жықты. Бұл туралы зардап шеккен Максимнің жақындары «Осторожно, новости» арнасына хабарлаған.

Олардың айтуынша, Максим кешкі уақытта танысына бару үшін лифтке мінген, сол кезде жеделсатыға боксшы Дмитрий Сухотский де кірген. Куәгерлер спортшының мас күйде болғанын алға тартады. Ол Максимге сөйлегенімен, ДЦП диагнозы бар жігіт айтылған сөздерді түсінбей, жай ғана жымиып жауап берген.

Ашуға булыққан Дмитрий Сухотский жас жігітке шабуыл жасап, Максимді кілтпен ұрып, қасын жарып жіберген. Соққы салдарынан оның бетінде үлкен гематома пайда болған.

Максим лифтіден қашып шығып үлгергенімен, Сухотский оны қуа жөнелген. Жігіт дәліздің соңына дейін жүгіріп барып, мас боксшыдан жалтарып құтылған. Кейін танысынан көмек сұрап, екеуі бірге полицияға жүгінген.

Зардап шеккен жігіттің жақындары бұл оқиғаға байланысты алаңдаушылық білдіріп отыр. Олардың айтуынша, Сухотский жауапкершіліктен оңай құтылып кетуі мүмкін. Айта кетейік, боксшының өз мектебі бар және онда мектеп жасындағы балалар жаттығады.

Реклама
Реклама

Материалда: