Странджа кубогі: Санжар Тәшкенбай үнді боксшысынан жеңіліп, екінші орын алды

Редактор
11.02.2024, 19:10

Аталған жарысты «кіші әлем чемпионаты» деп атайды

olympic.kz

Болгария астанасы Софияда өткен дәстүрлі «Странджа кубогі» турнирінде 51 келіде өнер көрсеткен қазақ боксшысы Санжар Тәшкенбай финалда жеңілді. Ойын бойынша үнді қарсыласынан бір бас жоғары өнер көрсеткеніне қарамастан, төрешілер жеңісті оның қарсыласына 5:0 есебімен берді.

Осылайша аталған салмақ дәрежесінде Үндістан боксшысы Амит Пангал чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай болса күміс медальды місе тұтты.

Айта кетейік, Амит Пангал 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері және сол жылы Азия чемпионы атанған. 2018 жылы Азия ойындарының жеңімпазы болған.