Жарнама
Жарнама

Ресейлік боксшы Джошуамен жекпе-жегі неге өтпей қалғанын айтты

Редактор
03.03.2026, 12:40

Джошуа 2026 жылы шаршы алаңда кездесуге уәде берген

Getty sport

Ресейлік кәсіпқой боксшы Арсланбек Махмудов бұған дейін Энтони Джошуамен жекпе-жек өткізу жоспары болғанын, алайда ол жүзеге аспай қалғанын мәлімдеді.

Махмудовтың сөзінше, бастапқыда Джошуа 2026 жылы шаршы алаңда кездесуге уәде берген. Алайда британдық боксшы Нигерияда жол апатына түсіп, жоспар өзгеріп кеткен көрінеді.

«Мен промоутерден жекпе-жекті ұйымдастыру мүмкіндігі бар ма деп сұрадым. Ол Энтонидың әзірге айқас өткізбейтінін айтты», - деді Махмудов talkSport басылымына берген сұхбатында.

Енді 11 сәуір күні Махмудов шаршы алаңда Тайсон Фьюримен кездеседі. Оның айтуынша, бұл да өте тиімді нұсқа болғалы отыр.

Өткен жылдың соңында әлемнің экс-чемпионы, британиялық боксшы Энтони Джошуа Нигерияда жол апатына ұшыраған болатын. Жергілікті Punch басылымының дерегінше, апаттан екі адам қайтыс болды. Лагос-Ибадан бағытындағы тас жолда Lexus маркалы жол талғамайтын көлік жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылды. Аталған көлікте Энтони Джошуа, жүргізуші және тағы екі жолаушы отырған.

Реклама
Реклама