Жарнама
Жарнама

Өзбекстанның Олимпиада чемпиондары бірнеше күнге Қазақстанға келді

Редактор
Бүгін, 10:18

Сондай-ақ тізімде Жавохир Умматалиев, Шодиёржон Меликузиев және басқа да мықты былғары қолғап шеберлері бар.

Әлеуметтік желі

Бокстан Өзбекстан ұлттық құрамасы Қазақстанға келіп, бірлескен оқу-жаттығу жиынына кірісті.

Өзбекстан бокс федерациясының мәліметінше, 12-26 наурыз аралығында Шымкент өңіріндегі “Alma-Tau” спорт базасында халықаралық бірлескен оқу-жаттығу жиыны өтеді. Жаттығу лагеріне Қазақстан мен Өзбекстан құрамаларынан бөлек, бірқатар шетелдік спортшылар да қатысады.

Өзбек боксшылары қабылдаушы тараппен бірге дайындықты бастап кеткен. Бұл жиын алдағы ірі халықаралық жарыстарға, атап айтқанда ересектер арасындағы Азия чемпионаты мен Бразилияда өтетін бокс бойынша Әлем кубогына дайындықтың маңызды кезеңі саналады.

Осылайша Қазақстандағы ортақ жаттығу лагері бірнеше елдің былғары қолғап шеберлері үшін маңызды сынақ алаңына айналмақ.

Өзбекстан құрамасы бұл жиынға 29 боксшы алып келген. Олардың қатарында әлемдік әуесқой бокста өзін дәлелдеген танымал спортшылар бар. Атап айтқанда, құрамға әлем чемпионы әрі Париж-2024 Олимпиадасының жеңімпазы Абдумалик Халоков, әлем чемпионы және Париж Олимпиадасының чемпионы Асадхуджа Муйдинхуджаев, сондай-ақ әлем чемпионы, Олимпиада қатысушысы Турарбек Хабибуллаев енген.

Сондай-ақ тізімде Жавохир Умматалиев, Шодиёржон Меликузиев және басқа да мықты былғары қолғап шеберлері бар.

Өзбекстан құрамасының бас бапкері – Тулкин Киличев. Жаттықтырушылар штабына Хуан Энрике Стейнерс Тиссерт, Рахматжон Рузиохунов, Акмал Хасанов, Алимардон Достанов, Рамзжон Ахмедов, Шерзод Ахмаджонов, Руслан Телимбаев және Даврон Гафуров кіреді.

Реклама
Реклама