Жарнама
Жарнама

Жас талантты қазақ боксшысы Таиландта финалда жарыс қожайынынан басым түсті

Редактор
15.03.2026, 12:39

Ол таиландтық Сива Чайнаронгты жеңіп, турнир чемпионы атанды

бокс федерациясы

Таиландта өтіп жатқан Futures Cup U-19 халықаралық турнирінде қазақстандық боксшы Досжан Жұмақан алтын жүлдеге қол жеткізді.

Отандасымыз 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында алаң иесі, таиландтық Сива Чайнаронгты жеңіп, турнир чемпионы атанды.

Досжан финалға дейін де қарымды өнер көрсетті. Ол жарыс барысында кениялық Феликс Ониангоны, гватемалалық Лионель Эрнандесті, өзбекстандық Бобомурад Боймирзаевты, словакиялық Кристиан Харасникті және франциялық Давид Харутюианды жарыс жолынан шығарды.

Айта кетейік, Досжан Жұмақан бұған дейін 2025 жылғы жасөспірімдер арасындағы жазғы Азия ойындарының чемпионы атанған болатын.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасынан Айдана Убайдуллақызы да (80 келі) финалда жеңіске жетіп, ел қоржынына алтын медаль салған еді.

Алда ұлттық құрама сапынан тағы бірнеше боксшы финалда шаршы алаңға шығады. Атап айтқанда, Камила Оспанова (70 келі), Бибарыс Әшірбай (70 келі), Жалғас Өтебеков (90 келі) және Владислав Саможонов (90 келіден жоғары) алтын жүлде үшін жұдырықтасады.

Жалпы, Қазақстан құрамасынан сегіз спортшы финалға жолдама алды. Бұл көрсеткіш бойынша ұлттық құрама турнирде екінші орында тұр. Ел сапынан 11 боксшы жартылай финалда бақ сынап, соның 8-і жеңіске жетсе, 3-еуі жеңіліс тапты.

Реклама
Реклама