Ол әзірге Ұлттық Олимпиада комитетін басқарып отыр
Жуырда Қазақстан бокс федерациясының президенті ауысқан болатын. Ұйымды бірнеше жыл басқарған олигарх Кеңес Рақышев бұл қызметті босатып, орнына Шахмұрат Мүтәліп сайланған еді.
Дегенмен, Кеңес Рақышев Федерацияның құрметті президенті деген мәртебені сақтап қалды. Ал, дәл осындай лауазымға ие болған Тимур Құлыбаев (Нұрсұлтан Назарбаевтың күйеу баласы – авт.) болса қазір Федерациядан біржола кеткен сыңайлы.
Федерацияның ресми сайтында ұйымның құрметті президенті ретінде тек Кеңес Рақышев көрсетілген. Бұрын онымен бірге Тимур Құлыбаевтың аты-жөні қатар тұратын. Жаңартылған басшылық құрамда Назарбаевтың күйеу баласы жоқ.