Жарнама
Жарнама

Азия чемпионаты: үшінші қазақстандық боксшы жарысты ерте аяқтады

Редактор
Бүгін, 10:35

Ол ширек финалға жолдама үшін үндістандық Приямен қолғап түйістірді

ҰОК

Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында бокстан Азия чемпионатының екінші күніндегі жекпе-жектер басталды.

Бүгін рингке шыққан жалғыз қазақстандық боксшы – 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін Римма Волосенко болды. Ол ширек финалға жолдама үшін үндістандық Приямен қолғап түйістірді.

Алғашқы раундта қарсыласы басымдық танытып, 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екінші раундта да төрешілердің басым бөлігі (4:1) үндістандық спортшыны қолдады. Қорытындысында Прия 5:0 есебімен жеңіске жетіп, келесі кезеңге өтті. Ал Римма Волосенко турнирді алғашқы жекпе-жектен кейін аяқтады.

Айта кетейік, Римма Волосенко – 2019 жылғы Азия чемпионы және ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасының 60 келіге дейінгі салмақтағы көшбасшысы болған. Алайда 2024 жылдың қыркүйегінде бұл салмақтағы негізгі орнын Виктория Графеева иеленіп, кейін Азия чемпионы атанып, 2025 жылғы әлем чемпионатында күміс пен қола жүлдеге қол жеткізді.

Волосенко ұлттық құрамдағы орнын қайтаруға тырысып, осы Азия чемпионатына қатысу мүмкіндігін алғанымен, жарысты ерте аяқтады.

Еске салсақ, чемпионаттың алғашқы күнінде де қазақстандық боксшылардан Жазира Орақбаева (51 кг) Солтүстік Корея өкілі Кумға есе жіберсе, Элина Базарова (54 кг) үндістандық Притиден жеңілді.

Реклама
Реклама