Жарнама
Жарнама

«Ерекше жағдай». Ауыр салмақта төрт бірдей қазақ боксшысы жұдырықтасып жатыр

Редактор
Бүгін, 12:38

Айта кететін жайт, қазақ боксшылары чемпионат жеребесінің бір жағына түсіп отыр. 

1bol.kz коллажы

Бокстан Ұланбатырда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақ боксшылары аса ауыр салмақта төрт елдің атынан сынға түсуде.

Олардың қатарында +90 келіде әлем чемпионы Айбек Оралбайдан бөлек, Өзбекстан құрамасынан Арман Маханов, Қытайдан Данабек Байқоныс және моңғолиялық Бекнұр Қали сынды қандастарымыз бар. Айта кететін жайт, Айбек, Бекнұр және Арман жеребенің бір жағына түскен болатын.

1/8 финалда IBA нұсқасы бойынша 2025 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері, өзбекстандық Арман Маханов Моңғолия өкілі Бекнұр Қалиді мерзімінен бұрын жеңді.

Кездесу екінші раундта уақытынан бұрын аяқталып, Бекнұрға нокдаун есептелді. Осылайша жекпе-жектің аяқталуына 51 секунд қалғанда төреші кездесуді тоқтатуға мәжбүр болды. Енді ширек финалда Айбек Оралбай Арман Махановпен жартылай финал жолдамасын сарапқа салады.

Ал Қытай елінің боксшысы Данабек Байқоныс 1/4 финалда тәжікстандық Мухаммад Аброриддиновпен кездеседі.

Азия біріншілігінде Ертуған Зейнуллинов (65 кг) Азия чемпионатындағы алғашқы жекпе-жегін өткізіп, ширек финалға шықты. Кеше ҚР ұлттық құрама өкілі Оразбек Асылқұлов (60 кг) Филиппин өкілі Пол Джулифер Басконды жеңіп, келесі кезеңге өтті.

Реклама
Реклама