Кездесу тартысқа толы болды.
Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Моңғолия астанасы Ұланбатырда World Boxing-тің ұйымдастыруымен өтіп жатқан Азия чемпионатының ширек финалында өнер көрсетті.
55 келінің өкілі жартылай финал жолдамасын өзбекстандық Шахзод Музаффаровпен сарапқа салды. Үш раундқа созылған тартысты кездесу қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы 3:2 есебімен жеңіске жетті.
Осылайша, Махмұд Сабырхан жарыстың жартылай финалына өтіп, кем дегенде қола жүлдеге қол жеткізіп отыр. Ал Музаффаров турнирді жүлдесіз аяқтады.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан – екі дүркін әлем чемпионы (IBA-2023, World Boxing-2025) және 2024 жылғы Азия чемпионы. Сол кезде ол финалда осы Музаффаровты жеңген еді. Енді жерлесіміз финал жолдамасына таласады.
Ұланбатырдағы Азия чемпионаты 10 сәуірге дейін жалғасады.