Жарнама
Жарнама

Сұлтан Зауырбек әлем чемпионы атағына үміткер болу үшін айқасады

Редактор
17.04.2026, 17:54

Жекпе-жек 27 маусым күні өтеді

әлеуметтік желі

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Сұлтан Зауырбек (20-0, 13 КО) ресми түрде әлем чемпионы атағына үміткер мәртебесін беретін жекпе-жекке келісім алды.

Келесі айқаста «Қазақ королі» лақап атымен танымал боксшы австралиялық Джексон Инглэндпен (19-3, 10 КО) қолғап түйістіреді. Жекпе-жек 27 маусым күні қарсыласының жерінде Перт қаласында өтеді.

Бұл кездесу IBF тұжырымы бойынша іріктеу жекпе-жегі саналады. Айқаста жеңіске жеткен боксшы қазіргі әлем чемпионы, мексикалық Эмануэль Наварретеге (40-2-1, 33 КО) қарсы титулдық жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болады.

«Уақыты келді. Бұл жай ғана жекпе-жек емес - бұл әлем чемпионы атағына апарар жол», - деп жазды Сұлтан Зауырбек.

Айта кетейік, Зауырбек соңғы жекпе-жегін 2025 жылдың сәуір айында Астанада өткізіп, оңтүстік африкалық Азинга Фузилені (18-3, 12 КО) төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен жеңген еді. Қазіргі таңда ол IBF рейтингінде екінші жартылай жеңіл салмақта үшінші орында тұр.

Ал Джексон Инглэнд IBF рейтингінде бесінші орында.

Реклама
Реклама