Жарнама
Жарнама

Бентли Әлімханұлының титулын тартып алуды талап етті

Редактор
Бүгін, 12:00

Бентли ұйымның қазіргі шешіміне наразылық білдірді

boxingscene.com

Британдық боксшы Дензел Бентли WBO ұйымын қазақстандық чемпион Жәнібек Әлімханұлы-ның белбеуін қайта қарауға шақырды.

Орта салмақтағы уақытша WBO чемпионы Бентли ұйымның қазіргі шешіміне наразылық білдіріп, Әлімханұлының титулды сақтап қалуына негіз жоқ екенін айтты.

«Жәнібектің бұл белбеуді иеленуге еш негізі жоқ деп ойлаймын. Ол титулды жеңіп алғаннан бері міндетті үміткерге қарсы бірде-бір рет қорғау жекпе-жегін өткізген жоқ. Оның үстіне допинг-тесттен де өте алмады. Қазір мен уақытша чемпионмын. Дивизион алға жылжуы керек», - деді Бентли Sky Sports-қа берген сұхбатында.

Британдық боксшының пікірінше, World Boxing Organization оны толыққанды әлем чемпионы ретінде мойындауы тиіс.

Еске салайық, Жәнібек Әлімханұлы мельдонийге оң нәтиже көрсеткені үшін бір жылға дисквалификация алғанымен, WBO белбеуін сақтап қалды. Дегенмен, жаза мерзімі аяқталғаннан кейін ол міндетті түрде Дензел Бентлиге қарсы титул қорғау жекпе-жегін өткізуі қажет. Жекпе-жек өтпесе чемпиондық белбеуден айырылу қаупі бар.

Реклама
Реклама