Жарнама
Жарнама

Бразилиядағы бокстан әлем кубогында 6 боксшы жартылай финалға, біреуі финалға шықты

Редактор
Бүгін, 10:25

Ұлттық құраманың 7 өкілі жүлдегерлер қатарына кіреді

ҚБФ

Бразилияның Фос-ду-Игуасу қаласында өтіп жатқан бокстан әлем кубогында жартылай финалға шыққан спортшылар анықталды.

Қазір Ұлттық құраманың 7 өкілі жүлдегерлер қатарына кіреді. Әйелдер арасында Алуа Балқыбекова (-51 кг), Виктория Графеева (-60 кг) мен Аида Әбікеева (-65 кг) ширек финалда қарсыласын ұтты. Ал жеребе нәтижесінде Жібек Жарасқызы (-80 кг) жартылай финалда, аса ауыр салмақтағы Валерия Аксенова финалда жұдырықтасатыны белгілі болған.

Ерлер арасында Диас Молжігітов (-80 кг) пен Сұлтанбек Айбарұлы (-80 кг) жарыс жолынан шыққан жоқ.

Бүгінгі жартылай финал жекпе-жек кестесі:

Күндізгі сессия 19:00

80 келі. Жібек Жарасқызы vs Эмилия Котерска (Польша)
85 келі. Сұлтанбек Айбарұлы vs Валериж Уолтер (Германия)
60 келі. Виктория Графеева vs Анета Элзивета Рыгельска (Польша)

Кешкі сессия 1:00

65 келі. Аида Әбікеева vs Ошин Дирию (Бельгия)
51 келі. Алуа Балқыбекова vs Ксиню Ки (Қытай)
80 келі. Диас Молжігітов vs Уондерлей Перейра (Бразилия)

Айта кетейік, әлем кубогы 26 сәуірде аяқталады. Осыдан кейінгі кезеңдерді Қытай мен Өзбекстан қабылдайды.

Реклама
Реклама